«Темір-баба» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Темір-баба» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Темір-баба» кеден бекетінің басшысы Ерсайын Әлімбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықты төмендетудің ең ауқымды механизмы - электронды декларациялау және электрондық құжат айналымы болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл технологиялар кеден инспекторы мен сыртқы сауда қызметінің қатысушысы арасындағы байланысты барынша азайтуға мүмкіндік береді, өзара іс-қимыл тек электронды түрде жүзеге асырылады.

Кеден бекетінде өткен кеңес барысында 2024 жылдың бірінші тоқсанында арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының орындалу қорытындысы шығарылып, екінші тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басым бағыттары айқындалды.

Екінші тоқсандағы жоспарға мүдделер қақтығысы жағдайларын анықтау және шешу бойынша жұмыс, кеден бекеттерінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттандыру сияқты іс-шаралар қамтылған.

Сонымен қатар, жоспарға лауазымды тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары кезеңдерде кедендік операцияларды бақылауға тікелей байланысты шаралар енгізілген. Атап айтқанда, кедендік операцияларды жасау мерзімдерін қадағалау, кедендік тексеру жүргізу, лауазымды тұлғалардың жеке операцияларды жасаған кездегі әрекеттерінің заңдылығын тексеру.

Отырыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізу туралы шешім қабылданды.

Е.Әлімбаев бүгінгі таңда бұл іс-шаралар басым бағыттардың қатарында екенін және олардың мүлтіксіз орындалуы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының қатаң бақылауында екенін атап өтті.