Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 15 мамырда «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 8 (7212) 564644  телефоны бойынша немесе pr.resurs@mail.ru электрондық мекенжайына хабарласуды ұсынамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті болып табылады.

Әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенділік танытуға және жеке үлес қосуға шақырамыз.