Бүгін, 1 ақпанда бейнеконференция форматында ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 52-ші отырысы өтті.
Отырыста Қазақстан атынан Энергетика Вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты.
Отырыста қатысушы елдердің 2023 жылы келісім бойынша міндеттемелерді орындауы талқыланды.
Комитет ОПЕК+ шеңберінде қабылданған уағдаластықтардың мониторингін және мұнай нарығындағы ахуалды бағалауды жалғастырады.
Комитеттің келесі отырысы 2024 жылғы 3 сәуірде жоспарланып отыр.