С. Жақыпова Алматының әлеуметтік нысандары қызметімен танысты

С. Жақыпова Алматының әлеуметтік нысандары қызметімен танысты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматыға жұмыс сапары барысында Мансап орталығына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Еңбекминінің басшысы Мансап орталығына барды, онда алматылықтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады, сондай-ақ қажет болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалады. Жыл басынан бері қалада 2 мыңнан астам отбасыға немесе 11 мың адамға АӘК көрсетілді. Осы қолдаудың 111 еңбекке қабілетті алушысы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Жалпы республика бойынша атаулы әлеуметтік көмек 312 мың адамға тағайындалды.

Сонымен қатар ЕХӘҚМ басшысы ЖОО-ның бірыңғай телекоммуникациялық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу интернет-орталығына барды.

Сондай-ақ Светлана Жақыпова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, оның барысында 5 азаматтың зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, АӘК беруге, жұмысқа орналасуға және т.б. байланысты өтініштерін қарады.