Н. Сағындықова бірқатар өңір жұртшылығымен мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелерін талқылады

Н. Сағындықова бірқатар өңір жұртшылығымен мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелерін талқылады

ҚР-да инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтармен мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелерін ашық тақылауды жалғастыруда. Кезекті кездесуін вице-министр Назгүл Сағындықова Семей қаласында өткізді, оған Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облысының жұртшылығы онлайн режимде қатысты.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, азаматтық белсенділер және мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін білдіретін 58 үкіметтік емес ұйымның басшылары қатысты.

Назгүл Сағындықова Мемлекет басшысының адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы алға қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізетін мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мен қорғаудың қабылданып жатқан шаралары туралы жұртшылықты хабардар етті.

Кездесу барысында тіршілік әрекетінің барлық салаларына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігіне, баспанаға, білімге, жұмысқа орналасуға, медициналық оңалтуға, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелерді талқылаумен сындарлы диалог өтті.

Жұртшылықтың ұсыныстары назарға алынды және олар ҚР-да инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Бұған дейін осындай кездесулер Астанада (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары жұртшылығының онлайн режимде қатысуымен), Алматы қаласында (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы жұртшылығының онлайн режимде қатысуымен) өткізілген болатын.