Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде министр генерал-майор Шыңғыс Әріновтің төрағалығымен Шао Ченьян мырза бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесу өтті.
Келіссөздер барысында тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, озық технологиялармен алмасу мен өңірлердің табиғи қауіп-қатерлерге төзімділігін арттыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Шыңғыс Әрінов Қазақстан халықтың қауіпсіздігі мен инфрақұрылымды табиғи және техногендік тәуекелдерден қамтамасыз ету мәселелерінде халықаралық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Тараптар тәжірибе алмасудың, озық технологияларды енгізудің, сондай-ақ өңірлердің төтенше жағдайларға тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Шетелдік делегация айтқан ұсыныстардың бірі каскадты әдісті қолдана отырып, қытайлық инвестициялар есебінен Түрген өзенінде гидроэлектрстанциясы бар бөгет салуға қатысты болды. Бұл жобаны іске асыру су режимін тиімді реттеуге, экологиялық таза электр энергиясын өндіруге және өңірдің сел қатерлеріне төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша диалогты жалғастыру және ұсынылған бастамаларды сараптамалық деңгейде пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Жас құтқарушы» республикалық жарыстарының өткізіліп жатқандығын хабарлайды. Іс-шараға 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда, ол мамыр айының соңына дейін жалғасатын болады.
Өңірлік кезеңдер Астанада, сондай-ақ Жетісу, Абай, Павлодар, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында өтті. Жеңімпаздар шілде айында Көкшетау қаласында жас құтқарушылардың республикалық слетінде жиналады.
Жарыс жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету мен әрекет ету дағдыларын дамытуға, сондай-ақ құтқарушы мамандығын танымал етуге және болашақ мамандарды даярлауға бағытталған.
Слет бағдарламасына мыналар кіреді:
Негізгі міндеттердің бірі оқушылардың өрт кезінде және басқа да қауіпті жағдайларда қорғау тәсілдері туралы хабардар болуын арттыру болып табылады. Жарыс жасөспірімдердің физикалық дамуына, командалық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға да ықпал етеді.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады. Құжат әрі қарай қарау үшін Сенатқа жолданды.
Заң жобасын талқылауға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев қатысты.
Қабылданған Заң 10 кодекс пен 37 заңға енгізілетін өзгерістерді қамтиды. Бұл өзгерістер төтенше жағдайларға ден қою жүйесін жаңғыртуға, халықтың қауіпсіздігін арттыруға және азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған.
Реформалардың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:
- Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін нығайту және әлеуметтік кепілдіктерін арттыру. Бұл тұрғын үй төлемдері, көтерме жәрдемақылар, дағдарыстық жағдайларда жұмыс істегені үшін үстемақылар, өтемақылар мен ем алу шараларын қамтиды.
- Өрт қауіпсіздік талаптарын қатаңдату: салынған нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі жөнінде қорытынды беру, өрт автоматикасы жүйелерін орнатумен айналысатын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу, нысандарды сақтандыру.
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту: кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптарды арттыру, өндірістік нысандарды уақтылы жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, кәсіпорындарда дербес өндірістік бақылау қызметін құру, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда рұқсат беру құжаттарын тоқтату және жою тәртібін нақты белгілеу.
- Төтенше жағдайлар кезіндегі басқарудың жаңа механизмдерін енгізу— республикалық штаб құру, әкімдіктердің өкілеттіктерін кеңейту, кинологиялық қызметті дамыту.
- Халықты құлақтандыру жүйесін жаңғырту— техникалық құралдарды күшейту және азаматтардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекетке дайындығын арттыру.
- ТЖМ-нің техникалық және кадрлық әлеуетін нығайту— авиацияны дамыту, жедел әрекет ету қызметтерінің санын арттыру және оларды заманауи техникамен жабдықтау.
Аталған Заңды қабылдау Қазақстандағы азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады және оның әрі қарай жетілдірілуіне құқықтық негіз қалыптастырады.
Бұл өзгерістер елдің төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан халықаралық жарыстар басталды. Жарыстар 17 мамырға дейін жалғасады және түрлі елдерден өрт сөндіру-құтқару спортының ең көрнекі түрлерінің бірі бойынша жылдамдық, күш және шеберліктерін көрсетуге келген өрт сөндіруші-спортшылардың басын қосады.
Жарыстарға Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан Республикаларының және Ресей Федерациясының командалары қатысуда. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, Чехия, Вьетнам, Австрия және Латвия елдерінен ресми өкілдер мен байқаушылар келді.
Өрт сөндіру-құтқару спортынан халықаралық жарыстар – бұл кәсіби шеберлік пен физикалық дайындықты көрсету ғана емес, сондай-ақ өртке қарсы және құтқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаң.
Жарыстың бірінші күні қорытындысы бойынша біздің құрама командалар (ерлер мен әйелдер) шабуыл сатысымен көтерілу бойынша үшінші орынға ие болды, ал жартылай финалға біздің елден ерлер командасының өкілі — Николай Буторин шықты.
Жаздың басталуымен аулаларда, тротуарларда және ғимараттардың жанында жиналатын терек мамығынан өрт қаупі күрт артады. Ол тез тұтанғыш, тіпті кездейсоқ лақтырған сіріңке немесе темекі тұқылдары өртке әкелуі мүмкін.
Мамықты өртеу ерекше қауіп төндіреді, оны балалар ойын ретінде қабылдайды. Көбінесе өрт тез таралып, машиналарға, ғимараттарға және тұрғын үйлерге ауысады.
ТЖМ кеңес береді:
Егер сіз біреудің мамықты өртеп жатқанын көрсеңіз, өтіп кетпей тоқтап, түсіндіріңіз, қажет болған жағдайда құтқарушыларды шақырыңыз.
Балалармен сөйлесіңіз – «отпен ойнау» қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріңіз.
Үйлердің, гараждардың, дүкендердің жиналған мамықтан тазартыңыз. Су төгіңіз, өртемеңіз!
Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: рұқсат етілмеген жерлерде темекі шекпеңіз, құрғақ жерлер мен мамықтың жанында ашық от жақпаңыз.
Өртті сөндіруден оның алдын алу оңайырақ. Бей-жай қарамаңыз, терек мамығы бірнеше секунд ішінде өртке ұласып, оның зияны орасан зор болуы мүмкін.
Өзіңізге, жақындарыңызға және айналаңыздағыларға қамқорлық жасаңыз!
Соңғы жылдардағы ірі төтенше жағдайлар азаматтық қоғамның, атап айтқанда, еріктілер мен волонтёрлердің төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жүйесіндегі рөлінің маңыздылығын айқын көрсетті.
Бүгінгі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі 47 мыңға жуық еріктіні біріктіретін 136 волонтёрлік ұйыммен өзара ынтымақтастық орнатқан.
Еріктілер кәсіби құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін нақты көмекке айналуда. Бұл әсіресе жастар арасында өзекті, себебі волонтёрлік ұйымдар болашақтағы ТЖ саласының кадрлық резервін қалыптастырады. Министрлік волонтёрлік ұйымдармен бірлесіп, жұмыс бағытын үш негізгі сала бойынша ұйымдастырады: табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету (гуманитарлық қолдау қоса алғанда), төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға қатысу, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеу-құтқару жұмыстарына қатысу.
Министрлік салалық волонтёрлікті белсенді түрде дамытып келеді. Бұл бағыттағы жарқын мысал ТЖ саласындағы еріктілердің алғашқы республикалық форумы, ол оқу-жаттығу полигоны базасында өткізілді. Сонымен қатар, ТЖМ волонтёрлік туралы тәжірибесін халықаралық еріктілер форумында «ТЖ саласындағы волонтёрлік» тақырыбындағы панельдік сессия аясында ұсынды.
2024 жылы Қостанай облысында мобильді ерікті топтарды құру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл топтар ТЖМ-нің кәсіби авариялық-құтқару бөлімшелеріне ұқсас түрде арнайы дайындықтан өтті, оған физикалық даярлық та кірді. Биылдан бастап мұндай топтар еліміздің әрбір өңірінде құрыла бастайды. Бұл еріктілер жұмысының жүйелі болуын қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлар кезінде бейберекет волонтёрліктің алдын алуға мүмкіндік береді.
Аталған жоба 2024 жылы Астана қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) жанындағы Жастар кеңесінің шеңберінде ұйымдастырылған волонтёрлік қозғалыстар көшбасшыларының слетінде таныстырылып, 2024–2026 жылдарға арналған волонтёрлікті дамыту және қолдау жөніндегі Жол картасына енгізілді.
Еріктілердің ірі төтенше жағдайлар кезінде, атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқыны кезінде және Қостанай мен Абай облыстарындағы ірі орман өрттерін сөндіру кезінде көмек көрсетуі ерекше атап өтерлік жағдай. Олардың қатысуы зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, салдардың жойылуына елеулі үлес қосты.
ТЖМ еріктілер қозғалысына ақпараттық қолдау көрсетуді де жолға қойған. Министрліктің ресми сайтында волонтёрлікке арналған бөлім жұмыс істейді: онда тіркеуден өтуге, нормативтік құжаттармен танысуға және өзекті ақпарат алуға болады. Бұдан бөлек, жыл сайын шамамен 2 мың волонтёрлік ұйымдардың жетекшілері мен үйлестірушілері оқудан өтеді.
Еріктілер нақты тәжірибелік жұмыстарға да белсенді тартылады. Олар іздеу-құтқару жұмыстарына, шомылу маусымы, өрт қауіпті және жылыту кезеңдеріндегі алдын алу шараларына, сондай-ақ ТЖМ ұйымдастыратын түрлі әлеуметтік акциялар мен іс-шараларға қатысады.
Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, мемлекеттік органдар волонтёрлердің әлеуетін тиімді пайдалану бағытында белсенді жұмыс жүргізуі қажет. Осыған орай, Төтенше жағдайлар министрлігі волонтёрлік ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтып, төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын азайтуға бағытталған әріптестікті одан әрі дамытатын болады.
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары өнеркәсіп нысандарда өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылау мақсатында төтенше жағдайлар, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Комитет төрағасы Андрей Лукин отырысты аша келіп, өнеркәсіп нысандарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету өнеркәсіп саясатындағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов депутаттарды ТЖМ өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Қазіргі уақытта ТЖМ есебінде 12 256 өндірістік нысан бар. Биылғы жылы 144 нысанға барумен профилактикалық бақылау жүргізілді.
Сонымен қатар инвесторларды қорғау шаралары іске асырылуда және прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасалды.
Шаралардың арқасында соңғы үш жылда өндірістік нысандарда өрт, өрт кезінде қаза тапқан адамдардың саны және олардан материалдық залал азайды.
Отырыс жұмысында өрттің алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, ТЖМ өз бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға көп көңіл бөледі.
Отырыс аясында депутаттарға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бастамасымен сатып алынған өрт сөндірушінің жаңартылған жауынгерлік киімі таныстырылды.
Бұл өңірдегі осындай екінші нысан: осындай станция бұған дейін Атырауда жұмысын бастаған болатын. Жоба ел Президентінің қолдауымен ауылдық жерлерде азаматтық қорғауды күшейту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Іс-шара Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың, қызмет ардагерлері мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен өтті.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын модульдік кешен 2 айда салынды. Айта кетейік, бұл қала шегінен тыс жүзеге асырылған алғашқы жоба. Бұрын мұндай құтқару бөлімдері тек қалаларда салынған.
«2024 жылы Астанада дәл осындай әмбебап бөлім ашылды, кейін оған Мемлекет басшысы барды. Биылғы жылдың басында Атырауда құтқару станциясы пайдалануға берілді. Бүгін біз бұл жұмысты ауылда — Махамбетте жалғастырып жатырмыз. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, адамдар үшін заманауи қауіпсіздік пен ден қою жағдайлары қолжетімді болу керек екенін көрсетеді», — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.
Ведомство басшысы құтқарушыларға жаңа бөлімнің символдық кілтін табыс етті, бұл бөлімшенің жедел кезекшілікке кірісуге дайындығын білдірді.
Әмбебап бөлім Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Оны салу кезінде қауіпсіздік пен жайлылықтың барлық заманауи стандарттары ескерілген: әкімшілік және оқу бөлмелері, техникаға арналған гараждар, ас үй, медициналық кабинет, психолог кабинеті, сондай-ақ кәсіби октагоны бар фитнес-орталық. Мұнда «Batyrteam» командасы да жайғасты. Ауыл тұрғындары үшін ашық футбол алаңына кіру мүмкіндігі қолжетімді.
Министр Шыңғыс Әрінов ауылдық жерлерде мұндай нысандарды салу — бұл қауіпсіздікке қосқан үлес қана емес, сондай-ақ мемлекеттің тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін өмір сүру жағдайларын теңестіруге деген ұмтылысының көрсеткіші екенін атап өтті.
Іс-шара ҚР ТЖМ жақсы дәстүрге айналған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызумен аяқталды.
Жазғы демалыс қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан ТЖМ сауда-ойын-сауық орталықтары мен аквапарктерде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізуде.
Жазғы кезеңде әсіресе балалары бар отбасылар арасында танымал объектілерге баса назар аударылады.
Оқу-жаттығулардың мақсаты - төтенше жағдайлардың алдын алу және жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оқу-жаттығуларды өткізу өрт туындаған кезде адамдар жаппай баратын объектілер персоналының іс-қимылдарын пысықтауға және өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
Оқу-жаттығу кезінде келушілер эвакуацияланады, бұл азаматтарды ғимараттардан эвакуациялау ережелерімен қосымша таныстыруға мүмкіндік береді.
Шара барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар ықтимал оқиғалардың әртүрлі нұсқаларын пысықтайды, судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы су көздері тексеріледі.
Бір айдың ішінде сауда ойын-сауық орталықтары мен аквапарктерде 47 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және өрт-тактикалық сабақтар өткізілді.
Оқу-жаттығу мектеп демалысы басталғанға дейін жалғасады.
ТЖМ адамдар көп жиналатын объектілердегі өрт кезінде мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады:
- кез келген үй-жайға кірген кезде «шығу» белгілерімен белгіленген қосалқы және апаттық шығуларға назар аударыңыз;
- төтенше жағдайда жақын маңдағы қауіпсіз эвакуациялық шығу арқылы ғимараттан эвакуациялану қажет;
- зиянды жану өнімдері үй-жайда сіздің бойыңыз және одан жоғары деңгейінде болуы мүмкін, сондықтан қою түтін орын алған кезде шығуға қарай төмен еңкейіп немесе еңбектеп жылжыңыз, өйткені еденге жақын ауа температурасы төмен және онда оттегі көбірек болады;
- өрт туындаған немесе жану белгілері туралы «101» немесе «112» телефон нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Қазақстан ТЖМ өңірлерде «Жас құтқарушылар» кадет сыныптарын құру бастамасын іске асыруды жалғастыруда.
Бұл болашақ мамандарды даярлау бойынша жүйелі жұмыс еліміздің өңірлерінде қауіпсіздік және құтқару саласында бейінді білім беруге бағдарланған кадет сыныптары белсенді құрылуда.
Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласы №20 мектеп-лицейінің базасында өңірдегі алғашқы кадет сыныбы ашылды, оған 29 оқушы қабылданды.