26 наурызда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында кезекті халықпен кездесуін өткізді.
Азаматтарды қабылдау аралас форматта өтті, қабылдауға жазылған азаматтар жеке тыңдалды, сондай-ақ бейнеконференц байланыс режимінде еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш берушілер қатыса алды.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысымен кездесуде рұқсат етілмеген полигондар, қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз орналастыру мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ, жеке қабылдауға Ақмола облысының бір топ тұрғындары қоғамдық тыңдауды өткізу ережелеріне өзгерістер енгізу туралы пікір білдірді, сондай-ақ Целиноград ауданының Талапкер а/о аумағында карьерді әзірлеуге келіспеушілік білдірді.
Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді. Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.