Жаһандық конференция

Жаһандық конференция

          Қазақстан Республикасының Үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен 2023 жылдың 22-23 қазанында Астана қаласында өтетін Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және МСАК жөніндегі Астана Декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған жаһандық конференция өткізеді.
        Конференцияның мақсаты пікір алмасу, 2018 жылдан бастап Астана декларациясының МСАК бойынша міндеттемелерін орындау қорытындыларын шығару, нақты нәтижелер мен жетістіктерді көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету үшін МСАК рөлін талқылау болып табылады.
        Конференция жұмысына денсаулық сақтау министрлері, халықаралық ұйым өкілдері, жас ғалымдар, медицина қызметкерлері және т.б. деңгейдегі 600-650 делегат офлайн форматта, сондай-ақ онлайн режимде 1000-нан астам қатысушы қатысады деп күтілуде.
        Конференция қорытындысы бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің болашағы туралы бірлескен шешім қабылдау жоспарлануда.

         23 қазанда МСАК жөніндегі Жаһандық конференцияға қатысу үшін тіркелу 2023 жылғы 7 қазанға дейін ашық болады. Тіркелу сілтемесі: https://indico.un.org/e/PHC2023

Веб-сайты: https://www.hilton.com/en/hotels/tsekahi-hilton-astana/ 

ВИРТУАЛДЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР

Конференция қарсаңында 2023 жылғы 13 қыркүйек – 4 қазан аралығында 4 виртуалды дөңгелек үстел өткізіледі.
Өткізілетін дөңгелек үстелдер әрбір пленарлық отырыстың негізінде жатқан нақты деректерді зерделеуге, мүдделі тараптарды мүмкіндіктері бойынша шектеусіз талқылауға тартуға және әрбір жалпы отырысқа енгізуге арналған тезистер жиынтығын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Виртуалды дөңгелек үстелге тіркелу сілтемесі: https://cvent.me/yZQDRl 

Қонақ үйлердің тізімі

МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА

Астанада болу мерзімін ұзартқысы келетін қатысушылар (және еріп жүретін адамдар) үшін сейсенбі 24 қазан күні экскурсиялар ұйымдастырылады.

Сайты: https://astanaopera.kz/about-theatre 

Сайты: https://a-vm.kz/object/bayterek 

Сайты: https://qazexpocongress.kz/ru/nur-alem/ 

 

Сайты: https://nazarbayev-center.kz/museum 

Сайты: https://nmrk.kz/

Сайты: https://kaztheatre.kz/ru/ 

 

 

 

 

Байланыс көздері:
Тел.: +7 (7172) 74 36 27;  74 39 06
Email: astana2023@dsm.gov.kz