Қазақстанда мектеп оқушыларының білім сапасына баға беріледі

Қазақстанда мектеп оқушыларының білім сапасына баға беріледі

15 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады. Оған 2462 мектеп бойынша 4-ші және 9-сыныптарында оқитын 150 мыңға жуық оқушы қатысады.

ББЖМ арқылы оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ, оқу процесінің осал тұстарын анықтауға қол жеткізіледі. Оқушылардың білім сапасын зерделеуге бағытталған бұл жүйе қазақстандық ұлттық зерттеу құралы. Оның қорытындысында білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ пен нақты білім беру ұйымы бойынша кешенді талдау және әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

Айта кету керек, ББЖМ 26 сәуірге дейін жалғасады. Биыл тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау үлгілерін ескере отырып жаңартылды. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде.