"Иннопром. Орталық Азия" халықаралық көрмесінің екінші күні

"Иннопром. Орталық Азия" халықаралық көрмесінің екінші күні

 

Өзбекстан астанасы  Ташкент қаласында «Иннопром. Орталық Азия» көрмесінің екінші күні өтуде. Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің қолдауымен қазақстандық делегация көрмеге қатысуда.

Мұнда келген жұрт озық өнеркәсіптік технологиялармен және бірегей әзірлемелермен таныса алады, сондай-ақ жасыл көліктен бастап өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған цифрлық шешімдерге, таза энергия мен отын-энергетикалық кешендегі инновацияларға, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы мен өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға арналған ең өзекті тақырыптарды қамтитын мамандандырылған сессияларға қатыса алады. Өңірдегі өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту үшін перспективалы бағыт болып табылатын өнеркәсіптік парктердің халықаралық инвестициялық экожүйесін құруға ерекше назар аударылуда.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков түске дейін екі кездесу өткізді. Белорусь Республикасы Өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Александр Огородниковпен және Өзбекстан Республикасы Өнеркәсіп, Инвестициялар және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаевпен жүздесті.

Өңіраралық ынтымақтастықты, сауда экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту, халықаралық инвестициялық жүйені реттеу турасында екі тарап ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.

 Беларусь және Қазақстан кәсіпорындары қатысуымен кооперациялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Негізгі екі тақырып ауыл шаруашылығы машина жасау саласы және автомобиль жасау саласы болды.

Өзбек бизнес-қоғамдастығының қазақстандық делегация құрамымен екіжақты кездесулерге қатысуға деген ынтасы жоғары. Бұл өз кезегінде бірлескен қазақ-өзбек кәсіпорындарын, жаңа бизнес-байланыстар мен өнеркәсіпті дамыту нүктелерін құруға ниетті екенінің дәлелі.