БҚО Теректі ауданында жағалауды нығайту жұмыстары аяқталып, бөгет салынды.

БҚО Теректі ауданында жағалауды нығайту жұмыстары аяқталып, бөгет салынды.

БҚО-ның Теректі ауданында жағалауды нығайту жұмыстары 100% аяқталды және ұзындығы 14,7 км бөгет салынды.
Жалпы алғанда облыс бойынша ұзындығы 102 км болатын Жайық бойындағы бөгеттер нығайтылды, олардың биіктігі 2-ден 4,5 метрге дейін жетеді.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өзен бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынының алдын алу жұмыстарын жеке өзі тексереді. Облыс әкімінің кезекті жұмыс сапары Теректі ауданында жалғасты.
Бұл ауданда Жайық өзенінің бойында ұзындығы 14,7 км, биіктігі 2-ден 4 метрге дейінгі бөгет салынды. Теректі ауданында су басуға қарсы іс-шараларға 694 адам, 120 бірлік техника жұмылдырылды.
Облыс әкімі бөгет салуға көмектесетін әскерилермен әңгімелесті. Нариман Төреғалиев аудан әкімдігіне жұмыс істейтін әскери, еріктілер мен басқалардың қауіпсіздігі бойынша шараларды қамтамасыз етуді, сондай-ақ тамақтану сапасын, әскери гигиенаны, қажетті арнайы киімдермен және құралдармен қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетсек,  БҚО Теректі ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға Жетісу және Қызылорда облыстарының әскерлері жұмылдырылды.