Құрметті ауыл тұрғындары

Құрметті ауыл тұрғындары

Құрметті ауыл тұрғындары,студент жастар және орта мектеп оқушылары! Назар аударыңыз! Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарына жатады. Қазіргі таңдағы қауіпсіздік жүйесі мен жаңа технологиялар бойынша жалған хабарды жеткізген адамның тұрғылықты жерін және жеке тұлғасын анықтау қиындық тудырмайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған мемлекеттік органдардың материалдық залалын өтеуі мүмкін. Балалардың терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар жеткізген жағдайда ата-аналары жауапкершілікке тартылады.