«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өтті

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өтті

2024 жылдың 13-14 наурызында Орал қаласындағы «Аманат» партиясының үлкен концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің гранттық қаржыландыруымен «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған екі күндік оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары,  құқыққорғау органдары қызметкерлері мен теологтар қатысты.

Шараға Шакимова Лола Сергеевна – Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының психолог-сарапшысы, Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – Ақтөбе облысы, Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының психологі дәріс оқыды.

Шара барысында келесідей тақырыптар қозғалды: «Дін, мінез-құлық және әдет-ғұрып нормалары»,  «Қазақ қоғамының дәстүрлі діни танымы», «Психология личностей, уязвимых к вербовке со стороны лидеров деструктивных религиозных течений», «Методы изучения личности, применяемые в психокоррекционной работе с адептами деструктивных религиозных течений».