«Дін және ғылым» тақырыбында кездесу өтті

«Дін және ғылым» тақырыбында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Жоғары аграралық техникалық колледжінің студенттеріне Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Ж.Сафиуллиннің қатысуымен «Дін және ғылым» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өтті. Шара барысында дін мен ғылым арасындағы байланыс, діни білім алу жөнінде және деструктивті діни ағым өкілдеріне тән белгілер және олардан сақтану жолдары туралы ақпараттар айтылды. Студенттер теолог маманға дін мен ғылым туралы, мемлекеттің дін саласындағы саясаты және т.б. өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.