Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал және Атырау епископы Вианормен кездесті

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал және Атырау епископы Вианормен кездесті

2024 жылдың 13 ақпанында Батыс Қазақстан облысының  әкімі Н.Төреғалиев Орал және Атырау епископы Вианорды  қабылдады. Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Т.Нығметов  және Орал округінің благочині архимандрит Дионисий қатысты.

Кездесуде Қазақстандағы конфессияаралық диалогтың маңыздылығы, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасында қоғамның игілігі үшін өзара іс-қимылдың қажеттілігі, өңірдегі діни ахуалдың қазіргі жай-күйі және т.б. талқыланды.