ТМД ЕЛДЕРІНІҢ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер комиссиясының қолдауымен онлайн-форматта «Балалардың жағдайына ұлттық мониторинг: қорытындылар, проблемалар, перспективалар» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырды.

Іс-шараға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жеті мемлекетінің − Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдері жиналды.

Конференция Достастық елдеріндегі Балалардың құқықтарын қорғау саясатының тиімділігін бағалайтын тәжірибе алмасу және Ұлттық құралдарды ұсыну алаңына айналды.
Конференцияға қатысушылар жинақталған тәжірибе мен пікірталас нәтижелеріне сүйене отырып, балалардың әл-ауқаты ТМД елдеріндегі мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылатынын атап өтті. Ұлттық мониторинг балалардың денсаулығын, білімін, қауіпсіздігін, дамуын және негізгі қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етудің табыстылығын бағалаудың негізгі тетігі болды.

Қазақстандық тарап «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы, «Жайлы мектеп» жобасы, оңалту орталықтары желісі, 111 мемлекеттік сенім байланыс орталығы, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы, сондай-ақ мектептерге буллингке қарсы бағдарламаны енгізу сияқты маңызды реформаларды атап өтті.

Іс-шара ағымдағы бастамаларды талқылау алаңына айналып қана қоймай, жаңа байланыстар орнатуға, кәсіби күш-жігерді біріктіруге және Достастық елдерінде құқықтық базаны жетілдіруге ықпал етті. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер комиссиясы өңірдегі балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ете отырып, өз жұмысын жалғастырмақ.