Еліміздің көлік саласына жауапты министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр
Осылайша биыл 22 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Астана – Прага бағыты бойынша Қазақстан мен Чехия астаналары арасында әуе қатынасын қалпына келтіреді. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) сыйымдылығы 186-189 орындық Boeing 737 ұшақтарында орындалады.
Әуе қатынасын қайта ашу екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп көзделіп отыр.