Индекстеу әдісін қолдана отырып, «Павлодар Әуежайы» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы

Индекстеу әдісін қолдана отырып, «Павлодар Әуежайы» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, «Павлодар Әуежайы» АҚ «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына, Басқарма төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 33-п бұйрығына сәйкес индекстеу әдісін қолдана отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге 2024 жылдың 5 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіле отырып тарифтер бекітілгенін хабарлайды (ҚҚС-сыз):

  • Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету – 1 865,88 ӘК МҰМ теңге/тонна;
  • Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – 527,27 ӘК МҰМ теңге/тонна.