Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы

Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы

Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының аясында 2024 жылғы 12 сәуірде Клубтың кезекті отырысы өткізілді.

Заң департаменті Қаржы нарығы субъектілерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас маман – заң кеңесшісі Шыңғыс Қазыбай  «Мерзімі өткен берешекті реттеуге қатысты заңнама нормаларын түсіндіру, микрокредиттер бойынша басқа да мәселелер» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында спикер ең алдымен микрокредиттердің түрлері, оларды заңнамаға сәйкес беру талаптары, микрокредит беру туралы шартты орындау міндеттемелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Оның ішінде микроқаржы ұйымдарының коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылы, берешекті өтеу әдістері, сыйақы мөлшерлемесі мәселелеріне жеке тоқталып, Агенттіктің қарыз алушылардың өтініштерін қарау тәртібіне және берешекті сотқа дейін реттеу ерекшеліктері жөнінде кеңінен айтып берді.

Отырыс соңында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.