Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік  субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік  субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

 

Ұйымдастырушы:

«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ

Орналасқан жері:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі 96, 404 кабинет

Байланыс телефоны:

87162-24-00-15, 87162-24-00-13.

Өтінімдерді қабылдау нысанасы:

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.

Өтінімдерді беру орны:

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі 96, 404 кабинет

Құжаттамаларды ұсыну мерзімі:

 

2024 жылдың «1» наурызынан  бастап 2024 жылдың «15» наурызына дейін

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты:

2024 жылдың «1» наурызынан бастап

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты:

2024 жылдың «15» наурызына дейін

 

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз.

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:

1 санат – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

азаматтардың мынадай санаттарын:

            мүгедектігі бар адамдарды;

            мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;

            зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);

            балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

            қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

            белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

            аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

            наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

            қандастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС, бұл ретте ӘКС қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құрауы (бірақ осындай санаттарға жататын екі адамнан кем болмауы), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құрауы шарт.

 

2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды.

 

3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын.

Мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:

            тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;

            күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;

            әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;

            мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;

            жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;

            коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;

            аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;

            мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

            қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

            мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт.

 

4 санат – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:

            отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;

            балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

            мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

            мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

            әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;

            мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

            қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

            Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады. 

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі 96, 411 кабинет (кеңсе) мекенжайы бойынша қабылданады .

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.