Бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп бойынша жария тыңдау өткізілді.

Бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп бойынша жария тыңдау өткізілді.

Бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп бойынша жария тыңдау өткізілді.

2024 жылғы 30 сәуір күні Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК 2023 жылға бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп бойынша жария тыңдау өтті. Тыңдауға ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде ТМРКД өкілдері қатысты.

Мекеменің негізгі қызметі Көкшетау қ., Красный Яр с., және Станционный пос. тарату желілері бойынша суды беру және ағынды суларды бұру бойынша реттелетін қызметтерді ұсыну болып табылады. Жалпы саны 73 191 абонентті құрайды (жеке/заңды тұлғалар, бюджеттік ұйымдар).

Кәсіпорын теңгерімінде:

* магистралды және ішкіорамды су құбыры желілері – 352,620 км.,

* су құбыры сорап станциялары - 7 бірл.

* су бөлгіш бағаналары – 192 бірл.

* ұңғымалар – 13 дана.

2023 жылы өз қаражаты есебінен сумен жабдықтау объектілерінде келесі жұмыстар жүргізілген:

* Көкшетау қ., Застанционный пос., Красный Яр с. апаттық (су құбыры\кәріз) желілерін ауыстыруы жалпы ұзындығы барлығы – 11142 метр:

* Орталық сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға 570 техникалық шарт берілді.

* Су құбыры желілерінде 99 үзілулер мен 586 ағулар жойылған.

* 250 бірлік су жинайтын бағаналар ауыстырылып жөнделген.

* 55 бірлік арынды-реттеу арматурасы ауыстырылды

* магистральдық және орамдық сумен жабдықтау желілерінде 117 дана құдықтар тазартылды.

* өрт гидранттары ауыстырылды - 6 бірл.

* 585 метр өздігінен ағатын кәріз коллекторлары жуылды

* 252 кәріз құдықтары тазартылды.

* Кәріз желілерінде 3 542 бітелулер жойылған

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, кәсіпорынмен 2023 жыл ішінде тұтынушылар топтары бойынша су беру бойынша үш сараланған тарифі бекітілген.