Cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша облыстық семинар

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша облыстық семинар

2024 жылдың 24 сәуірінде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғимаратында, альма-матер қабырғасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті ұйымдастырған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша облыстық семинар өтті.

Іс-шараға өңірдің квазимемлекеттік секторының комплаенс-қызметтерінің 70 маманы қатысты.

Семинар барысында қатысушылар өзекті тақырыптар бойынша ауқымды баяндамалар жасады. Семинар спикерлері болып: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – өкілдері, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалы, сондай-ақ ШҚО әкімі аппаратының ҮББ-4 өкілдері болды.

Видеоға сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/vRaC/ygy7L7vUB