Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру және қоғамның контрафактілік өнімдерге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында 2024 жылғы 1-23 сәуір аралығында «Антиконтрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлауда.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРСТАР!

Аталған акция шеңберінде келесі конкурстар ұйымдастырылады:

1) 2024 жылдың 1-10 сәуір аралығында «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы 10 жастан 14 жасқа дейінгі  балаларға арналған үздік сурет конкурсы;

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – аймақтық, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде. Әділет департаменттері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін а.ж. 12 сәуірде байқаулық жұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереді;

екінші кезең – республикалық, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 2024 жылғы 19 сәуірде өткізеді. Конкурстық комиссия үздік жұмысты іріктейді.

Қатысушылар тұрғылықты жері бойынша (облыстық, қалалық) әділет департаментіне баланың туу туралы куәлігінің суреті мен көшірмесін қоса бере отырып, өтінімді ұсыну қажет.

3) 2024 жылдың 1-15 сәуір аралағында «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы ақпараттық ресурстар арасында үздік ақпараттық материал бойынша республикалық конкурс.

Қатысушылар жұмыстарын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне b.satzhanova@adilet.gov.kz электронды поштасына жібереді.

Қатысушының Instagram, adiletgovkz парақшасына жазылу және Instagram желісінде #АкцияАнтиконтрафакт2024@adiletgovkz «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы жазба қалдыруы керек.

Жеңімпаздар 2024 жылдың 26 сәуірде  «Антионтрафакт» республикалық акциясының жабылу салтанатында бағалы сыйлықтармен марапатталады.