Әділет Министрлігінің сайтында орналастыру үшін заң жобалау қызметінің барысы туралы ақпарат

Әділет Министрлігінің сайтында  орналастыру үшін заң жобалау қызметінің  барысы туралы ақпарат

Үкіметтің 2024 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына (2023 жылғы 27 желтоқсанда Үкіметтің № 1206 қаулысымен бекітілген, бұдан әрі − Жоспар) сәйкес 2024 жылдың бірінші тоқсанда Әділет министрлігіне (бұдан әрі - Әділетмині) және Үкіметке 3 заң жобасын енгізу көзделген:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

2-3) «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының қызметі (эндаумент-қорлар) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Аталған барлық заң жобалары Әділетмині мен Үкіметке уақтылы енгізілді.

 

Әділетминінің үйлестіру жұмысы

Әділетмині орталық мемлекеттік органдардың заң шығару жұмыстарын үйлестіру мақсатында Жоспарға сәйкес заң жобаларының енгізілуге жататын ескерту хаттарын жолдады (а.ж. 19 қаңтарда № 3-1-3-/505-И).

Әділетмині мемлекеттік органдармен Жоспар-кестелер қалыптастырды және Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Қазақстан халқына Жолдауының жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Үкіметтің заң жобалау қызметі жөніндегі және өзге заң жобалары шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізілмеген) Мемлекет басшысының заңнамалық тапсырмаларын іске асыру бойынша Үкіметке ай сайынғы есептік ақпарат жолданды (31.01.2024 ж. № 1-1-3-/Д-2025, 29.02.2024 ж. № 1-1-3-/Д-1101).
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының заңнамалық шараларды талап ететін
13 тапсырмасы берілді, оның ішінде 11 тапсырма іске асырылды.

Қалған 2 тапсырма бойынша жағдай мынадай:

1) 2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін баламалы энергетиканы дамыту мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу тапсырылып (аяқтлау нысаны – заң жобасы, мерзімі – 2022 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы – ЭМ), ПӘ Басшысының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 8316 ПАБ тапсырмасымен Заң жобасын орындау мерзімі 2025 жылғы желтоқсанның аяғына дейін ұзартылды.

Тапсырманы іске асыру мақсатында «Баламалы энергетика туралы» Заң жобасын әзірлеу жоспарлануда.

2) 2022 жылғы желтоқсанның соңына дейін кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тартқаны немесе жібергені үшін заңды тұлғаларға лицензияларының қолданысы тоқтатылуға дейін әкімшілік жауапкершілік енгізу тапсырылып (аяқталу нысаны – заң жобасы, мерзімі – 2022 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы – МСМ), түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лоторея және лоторея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» депутаттық Заң жобалары шеңберінде көзделген.

2024 жылғы 27 наурызда заң жобалары Парламент Мәжілісінің жұмысына қабылданды.

 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 847 Жарлығымен, бұдан әрі – Жарлық, бұдан әрі – ЖҰЖ) заңнамалық шараларды талап ететін 17 іс-шара көзделген, оның 16-сы іске асырылды, 1 орындауында (ЖҰЖ-дың 22-тармағы).

ЖҰЖ-дың 22–тармағымен Мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау тапсырылды (орындаушы – МАМ, аяқталу нысаны – Заң жобасы, мерзімі – 2022 жылғы желтоқсан; аяқталу нысаны – Заң, мерзімі-2023 жылғы желтоқсан).

 «Масс-медиа туралы» Заң жобасы және оған ілеспе Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына 2023 жылғы 31 мамырдағы № 428 және  429 Үкімет қаулыларымен енгізілді.

2023 жылғы 30 қарашада заң жобалары Парламент Мәжілісінің1-оқылымында мақұлданды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 241 қаулысымен бекітілген) 18 іс-шара көзделген, оның ішінде 15-і іске асырылды, 3-уі іске асырылмады (10, 46, 139 тармақтар).

1) 10-тармақ «Үнемді бюджет саясатының, оның ішінде мыналар көзделетін тәсілдемелерін енгізу көзделген:

шығыстардың өсу қарқынын және Ұлттық Қордан кепілдік берілген трансферт мөлшерін шектеу жөніндегі контрциклді бюджеттік қағидаларды сақтау;

бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы талдамалық есепте негізгі Бюджеттік коэффициенттердің толық тізбесін белгілеу»  (орындаушы – ҰЭМ, аяқталу нысаны – заң жобасы, мерзімі – 2022 жылғы тамыз).

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Парламент сессиясының ашылуына арналған «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына сәйкес жаңа Бюджет кодексін әзірлеу көзделген.

2023 жылғы 26 қыркүйекте Кодекс жобасы мен Заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

2023 жылғы 27 желтоқсанда заң жобалары Парламент Мәжілісінің 1-ші оқылымында мақұлданды.

2) 46-тармақ «Су кодексін жаңа редакцияда әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу» (Орындаушы – ЭТРМ, аяқталу нысаны – Кодекс жобасы, мерзімі-2022 жылғы қыркүйек).

Президент Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8830 ПАБ-2 қарарымен Кодекс жобасын және ілеспе заң жобасын Парламентке енгізу мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал қабылдау мерзімі 2024 жылғы маусымға дейін ұзартылды.

2023 жылғы 29 желтоқсанда Кодекс жобасы және оған ілеспе Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

3) 139-тармақ «Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық бастамалардың 2-топтамасын әзірлеу» (орындаушы- СИМ, аяқтау нысаны-заң жобасы, мерзімі - 2022 жылғы қараша);

2023 жылғы 5 шілдеде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасы және оның ілеспе Заң жобасы Парламент мәжілісінің жұмысына қабылданды.

 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында заңнамалық шараларды талап ететін 30 іс-шара қарастырылған, оның ішінде:

1 блок бойынша (2022 жылдың соңына дейін қабылдау көзделген заң жобалары) 5 іс-шара көзделген, олар толық көлемде іске асырылған.

2 блок бойынша (әзірленуі 2022 жылдың соңына дейін көзделген заң жобалары) 12 іс-шара көзделген, олар толық көлемде іске асырылған.

3 блок бойынша (2023 жылы әзірлеу және қабылдау көзделген заң жобалары)                     13 іс-шара көзделген, оның 4 іске асырылды, 9 іске асырылмаған (6, 12, 18, 23, 31, 72, 94, 96, 106 ЖҰЖ-дың тармақтары).

3 блок бойынша орындалуда:

1) 6-тармақ «Жаңа Салық кодексін әзірлеу» (аяқтау нысаны – Кодекс жобасы, орындау мерзімі – 2023 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы - ҰЭМ).

2023 жылғы 8 қыркүйекте реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі - РСКҚ).  ашық НҚА порталында орналастырылды. 2023 жылдың                         28 қыркүйегінде РСКҚ-ға 100-ден астам пікірлер келіп түсті және талқылау автоматты түрде 10 күнге ұзартылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 9561 ПАБ-3-қарарына сәйкес осы тармақ бойынша орындау мерзімі 2024 жылғы 15 мамырға дейін ұзартылды.

Айта кету керек, 2024 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалуын бақылау іс-шаралар жоспарының 1.2-тармағында жаңа Салық кодексінің жобасын қайта қарау жөніндегі тапсырма көзделген (ЖҰЖ 85 тармағының тапсырмалары шеңберінде орындалады). Жаңа Салық кодексінің жобасын Үкімет аппаратына енгізу мерзімі - 2024 жылғы наурыз, Парламентке енгізу мерзімі - 2024 жылғы мамыр.

2024 жылғы 7 наурызда Салық кодексіне пысықталған РСКҚ ашық НҚА порталында орналастырылды.

2024 жылғы 28 наурызда Салық кодексіне РСКҚ бойынша онлайн талқылау аяқталды.

Әділетминінің ескертулері бойынша пысықталған РСКҚ ВАК-қа шығару үшін хат түскен жоқ.

2) 12-тармақ «Жаңа Бюджет кодексін қабылдау» (аяқтау нысаны - Кодекс, орындау мерзімі – 2023 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы - ҰЭМ).

Бюджет кодексінің жобасы және ілеспе заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына Үкіметтің 2023 жылғы 22 қыркүйекте қаулыларымен жіберілді.

2023 жылғы 27 желтоқсанда Бюджет кодексінің жобасы және ілеспе заң жобасы Парламент Мәжілісінің 1-оқылымында мақұлданды.

3) 18-тармақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның қабылдануы, оның ішінде: сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі бағасынан сапа басымдығы» (аяқтау нысаны – Заң, орындау мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы-Қаржымині).

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

4) 23-тармақ «Жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту үшін заңнама мен рәсімдерді оңайлату» (аяқтау нысаны – заң жобасы, орындалу мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы-ИИДМ).

2023 жылғы 13 қарашада РСКҚ Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 640-шы отырысында мақұлданды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспарына енгізілді (Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1206 қаулысымен бекітілді).

Қазіргі уақытта тиісті Заң жобасы әзірленуде.

5) 31-тармақ «Қала құрылысы кодексін әзірлеу» (аяқтау нысаны – Кодекс жобасы, орындалу мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы-ӨҚМ).

2023 жылғы 29 желтоқсанда Құрылыс кодексі жобасы және оған ілеспе Заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

6) 72-тармақ «Төменде көзделетін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу:

ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT, Спорт және мәдениет және басқа да бағыттар саласындағы Қазақстан үшін құнды дағдылардың иегерлері үшін тұруға ықтиярхат алу құқығымен виза енгізу;

біздің экономикамызға 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлерге тұруға ықтиярхат алу құқығымен 10 жылға виза алу мүмкіндігін беру» (шешім нысаны – заң жобасы, орындау мерзімі – 2023 жылғы маусым, жауапты орындаушы - СІМ).

Депутаттар Парламент Сенатының қарауында тұрған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және қылмыстық-түзеу жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң шеңберінде түзетулерге бастамашылық жасады.

7-8) 94 және 96 тармақтары «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың және азаматтық-құқықтық даулардың кең ауқымын Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске бере отырып, әкімшілік Әділет саласын кеңейту», «Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар арасындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі дауларды шешу жөніндегі Үкіметке өкілеттіктерді бекіту»  (аяқтау нысаны – заң жобасы, орындау мерзімі - 2023 жылғы маусым, жауапты орындаушы-Әділетмині).

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына 2023 жылғы 27 маусымдағы Үкімет қаулысымен енгізілді.

Алайда, қосымша мәселелерді пысықтау қажеттігіне байланысты рап-тың 2023 жылғы 13 шілдедегі № 9081 ПАБ – 5 қарарымен РСКҚ 94, 96-тармақтары бойынша 2023 жылғы желтоқсанда аралық ақпаратты ұсына отырып, орындаудың жаңа мерзімі - 2024 жылғы маусым белгіленді.

2024 жылғы 13 наурызда Заң жобасы Парламент Мәжілісінің 1-ші оқылымында мақұлданды.

9) 106-тармақ «Жұмыс істемейтін не сот төрелігінің сапасына кедергі келтіретін нормаларды қоспағанда, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне ревизия жүргізу» (аяқтау нысаны – заң жобасы, орындалу мерзімі – 2023 жылғы маусым, жауапты орындаушы – Әділетмині).

Қаралып жатқан тармақ Президент Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы қарарымен 2022 жылғы 2 қарашадағы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 17-тармағымен біріктірген.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 қарашадағы «Әділетті Қазазстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жосыпары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 жарлығымен бекітілген) 16 іс-шара көзделген, оның ішінде 10-ы іске асырылды, 6-уы іске асырылмады (17, 37, 43, 69, 93, 128-тармақтар).

1) 17-тармақ «Жұмыс істемейтін не сот төрелігінің сапасына кедергі келтіретін нормаларды қоспағанда, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне ревизия жүргізу» (аяқтау нысаны – Заң жобасы, орындалу мерзімі – 2023 жылғы наурыз, жауапты орындаушы – Әділетмині);

Түзетулерді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде іске асыру жоспарлануда.

2023 жылғы 6 ақпанда Заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

2024 жылғы 13 наурызда Заң жобасы Парламент Мәжілісінің 1-ші оқылымында мақұлданды.

2) 37-тармақ «Жаңа Салық кодексін әзірлеу» (аяқтау нысаны – Кодекс, орындау мерзімі – 2024 жылғы қазан, жауапты орындаушы - ҰЭМ);

2023 жылғы 8 қыркүйекте РСКҚ ашық НҚА порталында орналастырылды. 2023 жылдың 28 қыркүйегінде РСКҚ-ға 100-ден астам пікірлер келіп түсті және талқылау автоматты түрде 10 күнге ұзартылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 9561 ПАБ-3-қарарына сәйкес осы тармақ бойынша орындау мерзімі 2024 жылғы 15 мамырға дейін ұзартылды.

Айта кету керек, 2024 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалуын бақылау іс-шаралар жоспарының 1.2-тармағында жаңа Салық кодексінің жобасын қайта қарау жөніндегі тапсырма көзделген (ЖҰЖ 85 тармағының тапсырмалары шеңберінде орындалады). Жаңа Салық кодексінің жобасын Үкімет аппаратына енгізу мерзімі - 2024 жылғы наурыз, Парламентке енгізу мерзімі - 2024 жылғы мамыр.

2024 жылғы 7 наурызда Салық кодексіне пысықталған РСКҚ ашық НҚА порталында орналастырылды.

2024 жылғы 28 наурызда Салық кодексіне РСКҚ бойынша онлайн талқылау аяқталды.

Әділетминінің ескертулері бойынша пысықталған РСКҚ ВАК-қа шығару үшін хат түскен жоқ.

3) 43-тармақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның қабылдануы»

(аяқтау нысаны – Заң, орындау мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы-Қаржымині);

2023 жылғы 28 қыркүйекте «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

4) 69-тармақ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңын қабылдауды қамтамасыз ету» (аяқтау нысаны – Заң, орындау мерзімі - 2024 жылғы сәуір, жауапты орындаушы - ҒЖБМ);

2023 жылғы 1 желтоқсанда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасы және оған ілеспе Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

2024 жылғы 6 наурызда заң жобалары Парламент Мәжілісінің 1-ші оқылымында мақұлданды.

5) 93-тармақ «Дәрігерлік кәсіп мәртебесін заңнамалық бекіту, медицина жұмыскерлерін қорғау мен қолдауды күшейту» (аяқтау нысаны – Заң жобасы, орындау мерзімі - 2023 жылғы қыркүйек, жауапты орындаушы - ДСМ);

Түзетулер 2024 жылғы 20 наурызда Парламент Мәжілісінің қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде көзделген.  

6) 128-тармақ «Еліміздің су объектілерінің экожүйесін сақтауға, оларды өнеркәсіп орындарының ластауынан қорғауға бағытталған су саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу» (аяқтау нысаны – Кодексі, орындау мерзімі - 2023 жылғы наурыз, жауапты орындаушы - ЭТРМ);

Президент Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 14 сәуірдегі                                          № 8830 ПӘБ-2 қарарымен Кодекс жобасын және ілеспе заң жобасын Парламентке енгізу мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал қабылдау мерзімі 2024 жылғы маусымға дейін ұзартылды.

2023 жылғы 29 желтоқсанда Кодекс жобасы және оған ілеспе Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

 

Мемлекет басышсының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспарында Түркістан қаласына рухани және тарихи астана ретінде ерекше мәртебе беру мәселесін қарастыру көздлеген (жауапты орындаушы – ҰЭМ):

2023 жылғы 22 қыркүйекте «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы МО-ның қарауына түсті.

2023 жылғы 4 қазанда Заң жобасы ескертулермен келісілді.

2023 жылғы 12 желтоқсанда Әділетмині Заң жобасын ескертулерін ескере отырып келісілді.

2024 жылғы 26 желтоқсанда Заң жобасы ескертулерсіз келісілді.

2023 жылғы 27 желтоқсанда барлық МО-мен келсіліген Заң жобасы ҮА-ға енгізіліді.

2023 жылғы 28 желтоқсанда Заң жобасы ПӘ-ге енгізіліді.

 

Мемлекет басышысының 2023 жылғы 11 шілдедегі хаттамалық тапсырмасынның 2.5.13-тармағында, сондай-ақ ПӘБ-тың 2023 жылғы                       17 қазандағы № 9332 ПАБ тапсырмасында республикалық маңызы бар қалалардың мәселелерін шешу қажеттілігін ескере отырып, Астана қаласын дамыту жөніндегі Заң жобасын әзірлеу (аяқтау нысаны – Кодекс, орындау мерзімі – 2024 жылғы қазан, жауапты орындаушы - ҰЭМ).

2023 жылғы 4 желтоқсанда РСКҚ ашық НҚА порталында орналастырылды.

2024 жылғы 4 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына РСКҚ ВАК-тың 647-отырысында мақұлданды.

9 февраля 2024 года КДРП к проекту Закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития столицы и городов республиканского значения» одобрен на заседании МВК.

2024 жылғы 15 наурызда Әділетминінің ескертулері бойынша Заң жобасы қайтарылды.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» заңнамалық шараларды талап ететін 12 іс-шара қарастырылған, оның ішінде 3 іс-шара іске асырылды,                                 9 іс-шара (51, 69, 85, 88, 49, 55, 66, 92, 50 тармақтары) іске асырылмады.

1) 51-тармақ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңды әзірлеу аясында: шетелдік табысты тәжірибенің негізінде инновациялық инфрақұрылымды – бизнес-инкубаторларды, коммерцияландыру орталықтарын, технопарктер мен конструкторлық бюроларды құру жөніндегі жеке бастамаларды қолдаудың пәрменді шараларын айқындау;

инновациялық жобаларды іске асыру үшін венчурлік қаржыландыру дамыту жөніндегі нормаларды енгізу» (аяқтау нысаны – Заң жобасы, орындау мерзімі - 2024 жылғы сәуір, жауапты орындаушы - ҒЖБМ).

2023 жылғы 1 желтоқсанда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасы және оған ілеспе Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

2024 жылғы 6 наурызда заң жобалары Парламент Мәжілісінің 1-ші оқылымында мақұлданды.

2) 69-тармақ «Экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыстық санаттан одан әрі арылту және кәсіпкерлерді салық қылмыстары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту нормаларының шегін анықтайтын әділ механизм енгізу» (аяқтау нысаны – Заң, орындау мерзімі - 2024 жылғы шілде, жауапты орындаушы - ҚМА).

Парламент депутаттарымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі декриминализациялау және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына бастамашылық жасады.

2023 жылғы 6 наурызда Үкімет қорытындысы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

3) 85-тармақ «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және заңға тәуелді актілерге:

 өндеуші өнеркәсіптің жаңа жобаларын іске асырудың алғашқы үш жылында шетелдік және отандық инвесторларды салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден босатуды;
    қосылған құн салығын қайтару рәсімін жеңілдету;

    салық жеңілдіктерін ретке келтіруді және көлемін кем дегенде 20% - ға қысқартуды, оларды ұсынудың нақты қағидаларын айқындауды;

    фискалды органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшудің қамтамасыз етілуін;

    салықтық есептілігінің нысандарын 30%-ға қысқарта отырып, салықтық бақылауды толық цифрландыру;

    салық және бюджетке төленетін өзге төлемдер түрлерінің жалпы санын  кем дегенде 20% - ға азайтуды;

    прогрессивті салық салуды енгізудің жеделдетуін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу» (аяқтау нысаны – Кодекс, орындау мерзімі - 2024 жылғы қазан, жауапты орындаушы - ҰЭМ).

2023 жылғы 8 қыркүйекте РСКҚ ашық НҚА порталында орналастырылды. 2023 жылдың 28 қыркүйегінде РСКҚ-ға 100-ден астам пікірлер келіп түсті және талқылау автоматты түрде 10 күнге ұзартылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 9561 ПАБ-3-қарарына сәйкес осы тармақ бойынша орындау мерзімі 2024 жылғы 15 мамырға дейін ұзартылды.

Айта кету керек, 2024 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалуын бақылау іс-шаралар жоспарының 1.2-тармағында жаңа Салық кодексінің жобасын қайта қарау жөніндегі тапсырма көзделген (ЖҰЖ 85 тармағының тапсырмалары шеңберінде орындалады). Жаңа Салық кодексінің жобасын Үкімет аппаратына енгізу мерзімі - 2024 жылғы наурыз, Парламентке енгізу мерзімі - 2024 жылғы мамыр.

2024 жылғы 7 наурызда Салық кодексіне пысықталған РСКҚ ашық НҚА порталында орналастырылды.

2024 жылғы 28 наурызда Салық кодексіне РСКҚ бойынша онлайн талқылау аяқталды.

Әділетминінің ескертулері бойынша пысықталған РСКҚ ВАК-қа шығару үшін хат түскен жоқ.

4) 88-тармақ «Кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылықтың нысаны үшін жазаны қатаңдату» (аяқтау нысаны – Заң жобасы, орындау мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан, жауапты орындаушы - Әділетмині).

Түзетулер Парламент Сенатының қарауындағы депутаттар бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде көзделген.

5) 49-тармақ «Ірі дата-орталықтарын салуға  инвестициялар тартуға бағытталған түзетулерді заңнамаға енгізу және осы салада қазақстандық инвесторлардың мүддесін ілгерілету» (аяқтау нысаны – Заң, орындау мерзімі - 2024 жылғы шілде, жауапты орындаушы - ЦДИАӨМ).

Парламент депутаттарымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұлтты технологияларды енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірленді.

2023 жылғы 25 желтоқсанда Үкімет қорытындысы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде бұлтты технологияларды енгізу мәселелері бойынша тиісті түзетулері көзделген.

6) 55-тармақ «Зияткерлік меншікті қорғау бойынша қосымша құқықтық құралдарды енгізу» (аяқтау нысаны – Заң жобасы, орындау мерзімі - 2024 жылғы сәуір, жауапты орындаушы - Әділетмині).

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына РСКҚ әзірленді.

2023 жылғы 12 желтоқсанда Заң жобасына РСКҚ ВАК-тың 642-ші отырысында қаралды.

2024 жылғы 5 қаңтарда Заң жобасы ашық НҚА порталында орналастырылды.

2024 жылғы 8 қаңтарда Заң жобасы МО-ға келісуге жіберілді.

2024 жылғы 27 қаңтарда пысықталған Заң жобасы МО-ға келісуге жіберілді.

2024 жылғы 1 ақпанда Заң жобасы МО-мен келісілді.

2024 жылғы 1 ақпанда Заң жобасы ҮА-ға енгізілді.

2024 жылғы 9 ақпанда Заң жобасы ПӘ-ге енгізілді.

2024 жылғы 14 наурызда ПӘ Заң жобасына ескертулер берді. Пысықталған Заң жобасын енгізу мерзімі – 2024 жылғы 4 ақпан.

7) 66-тармақ «Монополияға қарсы орган қабылдаған шешімдерді қолдан тежеуге жол бермеу мақсатында әкімшілік актіні (ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама, тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық, ақпарат пен құжаттарды сұрату, тергеп-тексеру шеңберінде өзге де әрекеттер) сот тәртібімен шағымданған жағдайда оны тоқтата тұруды болғызбауды көздейтін түзетулерді заңнамаға енгізу» (аяқтау нысаны – Заң жобасы, орындау мерзімі - 2024 жылғы қаңтар, жауапты орындаушы – БҚДА).

Түзетулер Мемлекет басшысының қол қоюында тұрған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шеңберінде көзделген.

8) 92-тармақ «Платформалық жұмыспен қамту мәселесін реттей отырып, цифрлық экономикаға тартылған азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың пәрменді тетіктерін әзірлеу» (аяқтау нысаны – Заң жобасы, орындау мерзімі - 2024 жылғы қазан, жауапты орындаушы – Еңбекмині).

2024 жылғы 19 наурызда түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауына енгізіліді.

9) 50-тармақ «Цифрландыруда басшылыққа алынатын қағидаттарды бекітетін біртұтас салалық құжатты сарапшылар қоғамдастығымен, Парламент депуттарымен бірлесе отырып әзірлеу» (аяқтау нысаны – Заң жобасы, орындау мерзімі - 2024 жылғы қыркүйек, жауапты орындаушы – ЦДИАӨМ).

2023 жылғы 23 қарашада Цифрлық кодекс жобасына РСКҚ ашық НҚА порталында орналастырылды.

2023 жылғы 12 желтоқсанда Цифрлық кодекс жобасына РСКҚ ВАК-тың 642-отырысында қаралды.

Цифрлық кодексі Үкіметтің 2024 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделген (2023 жылғы 27 желтоқсандағы Үкіметтің № 1206 қаулысымен бекітілген).

 

Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының Қарарымен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 13-8/04-211//01-38.42 (Б. 6) Әділетминімен бірлесіп мемлекеттік органдармен Премьер-Министрдің Кеңсесіне Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын қарау кезеңдері туралы ақпарат беру тапсырылды (олар Парламент Мәжілісіне енгізілгенге дейін).

2023 жылдың басынан бастап Әділетминінің қарауына Парламент депутаттары бастамашылық жасаған 50 заң жобасы келіп түсті, 1 заң жобасы бойынша жұмыс тоқтатылды (басқа Заң жобасы шеңберінде жүзеге асырылды), 49 заң жобасы бойынша ақпарат келесідей:

- 12 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды:

1-3) «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» ((2023 жылғы 10 шілде);

4-8) «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Прокуратура туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының  кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне толықтырулар енгізу туралы» (2023 жылғы 12 шілде).

9) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - М. Такиев, Б. Бейсенгалиев, Е. Стамбеков, У. Шапак);

10-11) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілері» (бастамашы - депутат С.Мәкежанов, Б. Орынбеков, М. Такиев, М. Еркешбаев);

12) «Қазақстан Республикасыың кейбір заңнамалық актілеріне білім беру   және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2024 жылғы 23 ақпанда).

- 4 заң жобасы Парламент Сенатының қарауында:

1-2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы»;

3-4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

- 14 заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында:

1-Мәжілістің 1 оқылымында мақұлданды:

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат С.М. Дуйсембинов, О.А. Булавкина).

Жұмыста:

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақтың спорттық бағыттағы жылқы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - Г. Нурмухамбетов, С. Алдашев, Е. Әбіл, Б. Бейсенгалиев, Ш. Буктугутов, Б. Каниев, С. Карплюк, А. Наутиев, Д. Турганов, Д. Шукижанова, А. Ходжаназаров);

3) «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңнына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - М. Магеррамов);

4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бойынша цифрландыру және АТ-саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат Е. Смышляева);

5) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат Е. Смышляева);

6) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет   қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат М. Магеррамов, К. Сейтжан, И. Смирнова, И. Сункар, Г. Танашева);

7-8) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексіне көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат Е.В. Смышляева, Ю. Кучинская);

9-10) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы», «Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат А. Лукин);

11) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

12-13) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат А. Аймагамбетов, Ж. Сулейменова);

14) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы – депутат Е. Жаңбыршин).

- Парламент жұмысына 13 заң жобасы қабылданбады:

1-2) «Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерді қорғау мен тұқым шаруашылығын реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен   толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы – депутат З.П. Кузиев, А.К. Утегулов);

3-5) «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) ғылым мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат А. Аймагамбетов, Ж. Сулейменова).

6) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы – депутат С. Т. Алдашев, Ш. С. Буктугутов, Б. Н. Каниев, А. И. Наутиев, Л. Т. Рысбекова, С. Ж. Шайдаров);

7) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы – депутат Е. Смышляева);

8-9) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі декриминализациялау және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы – депутат С. Имашева, А. Құспан);

10) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы - депутат А. Аймагамбетов, Ж. Сулейменова);

11-13) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Салық кодексі) (бастамашы - депутат А.П. Рау, Е.В. Смышляева, Ю.В. Кучинская).

1 заң жобасы кері қайтарылды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бастамашы – депутат С.Ершов, Ж. Асанова, А. Қалықов, С. Карплюк, М. Рожин).

 

- қалған 5 заң жобасы бойынша жағдай келесідей:

1-2) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы»

2023 жылғы 7 желтоқсанда заң жобалары Үкіметтің қорытындыларына жіберілді.

2023 жылғы 15 желтоқсанда Әділетмині заң жобаларына қорытынды жобаларын ұсыну туралы хат жолдады.

2023 жылғы 22 желтоқсанда АШМ Үкімет қорытындысының жобасын жіберді.

2023 жылғы 28 желтоқсанда АШМ заң жобалау қызметі бойынша ВАК-қа Үкіметтің қорытындысы жобасын шығару туралы хат ұсынды.

2023 жылғы 29 желтоқсанда Әділетмині әрбір заң жобалары бойынша жеке Үкіметтің қорытындысын енгізу қажеттілігі жөнінде ескертулер жолдады.

2023 жылғы 29 желтоқсанда 2024 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде пысықталған Үкіметтің қорытындыларын енгізу қажеттігі туралы ҮА-дан тапсырмасы келіп түсті.

2024 жылғы 3 қаңтарда Әділетмині заң шығару ережелеріне сәйкес Үкімет қорытындыларын енгізу қажеттілігі туралы хатты қайта жолдады

2024 жылғы 8 қаңтарда АШМ Әділетминіне заң жобаларына пысықталған Үкіметтің қорытындыларын жіберді.

2024 жылғы 9 ақпанда Үкімет қорытындысының жобасы ВАК-тың 647-ші отырысында мақұлданды.

2024 жылғы 16 сәуірде Үкімет отырысында Үкімет қорытындысының жобасын қарау жоспарлануда.

3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұқым шаруашылығын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2023 жылғы 9 желтоқсанда Заң жобасы Үкімет қорытындысына жіберілді.

4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2023 жылғы 4 желтоқсанда Заң жобасы Үкімет қорытындысына жіберілді.

2023 жылғы 20 желтоқсанда Үкімет қорытындысының жобасы Әділетминіне енгізілді.

2023 жылғы 27 желтоқсанда Әділетмині Үкімет қорытындысының жобасына ескертулер берді.

2024 жылғы 7 ақпанда КМ Үкімет қорытындысының жобасын қайта жіберді.

2024 жылғы 13 ақпанда Әділетмині Үкімет қорытындысының жобасына ескертулер берілді.

2024 жылғы 27 ақпанда қорытындының пысықталған жобасы Әділетминіне енгізілді.

2024 жылғы 29 ақпанда Әділетмині Үкімет қорытындысының пысықталған жобасымен келісті.

2024 жылғы 28 наурызда Үкімет қорытындысының жобасы ВАК-тың                     649-отырысында қаралды.

5) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2023 жылғы 12 желтоқсанда Заң жобасы Үкімет қорытындысына жіберілді.

2024 жылғы 9 ақпанда Үкімет қорытындысының жобасы ВАК-та мақұлданды (647-отырыс).

2024 жылғы 4 наурызда ПӘ Үкімет қорытындысының жобасы бойынша ескертулер берілді.

2024 жылғы 2 сәуірде Үкімет отырысында Үкімет қорытындысының жобасын қарау жоспарлануда.

 

2024 жылдың басынан бастап Әділетминінің қарауына Парламент депутаттары бастамашылық жасаған 50 заң жобасы келіп түсті:

1-2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2024 жылғы 25 қаңтарда заң жобалары Үкіметтің қорытындыларына жіберілді.

2024 жылғы 8 ақпанда Үкімет қорытындысының жобалары ВАК-та мақұлданды (648-отырыс).

2024 жылғы 9 ақпанда Үкімет қорытындыларының жобалары ҮА-ға енгізілді.

2024 жылғы 12 ақпанда Үкімет қорытындыларының жобалары ПӘ-ге енгізілді.

3-5) «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне өзгеріс енгізу туралы»

2024 жылғы 28 наурызда Үкімет қорытындыларының жобалары ВАК-тың 649-отырысында қаралды.

6-7) «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2024 жылғы 28 наурызда Үкімет қорытындыларының жобалары ВАК-тың 649-отырысында қаралды.

8) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2024 жылғы 27 қаңтарда заң жобасы Үкіметтің қорытындысына бағытталған.

2024 жылғы 16 ақпанда Үкімет қорытындысының жобасы ПӘ-ге енгізілді.

2024 жылғы 30 наурызда ПӘ Үкімет қорытындысының жобасы бойынша ескертулер берілді.

9) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2024 жылғы 27 қаңтарда Заң жобасы Үкіметтің қорытындысына жіберілді.

10) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалар үшін лизингті енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2024 жылғы 27 қаңтарда Заң жобасы Үкіметтің қорытындысына жіберілді.

11) «Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (балалар омбудсмені) туралы»

2024 жылғы 28 наурызда Үкімет қорытындыларының жобалары ВАК-тың 649-отырысында қаралды.

12) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

          2024 жылғы 20 наурызда Заң жобасы Үкіметтің қорытындысына жіберілді.

          13) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2024 жылғы 26 наурызда Заң жобасы Үкіметтің қорытындысына жіберілді.