Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекова ҚР СІМ жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» Консультативтік-кеңес органының отырысына қатысты.

Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекова ҚР СІМ жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» Консультативтік-кеңес органының отырысына қатысты.

ККО отырысында Қазақстан Республикасында құқық үстемдігі және адам құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, сондай-ақ БҰҰ комитетінің ұсынымдарын іске асыру, мемлекеттегі азаматтық қоғамды одан әрі дамыту тәсілдерін әзірлеу аспектілері және басқа да мәселелер талқыланды.

«БҰҰ Комитетінің Халықаралық экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары жайлы Пактінің аясындағы ұсыныстарын іске асыру барысы туралы» күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлеген Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекова Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Осылайша, Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 55-тармағын орындау мақсатында зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтуге және мәдениетті және жалпы азаматтардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу турады» Заң жобасы әзірленді.

Сондай-ақ, Марракеш шартын ратификациялау туралы Зағиптар мен көру қабілеті бұзылған немесе жарияланған жұмыстарға баспа ақпаратын қабылдау қабілеті шектеулі адамдардың қол жетімділігін жеңілдету туралы Заң жобасын әзірлеу туралы да айтылды.

Шартты ратификациялау инклюзивті және әділ қоғам құруға, көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізу жолында тұрған кедергілерді шешу, олардың кәсіби дамуы және әлеуметтік интеграциясы жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға бағытталған.