ҚР Әділет министрлігі шетелдік инвестициялық төреліктер мен соттарда ҚР Үкіметінің мүдделерін білдіру бойынша отандық заң компанияларының әлеуетін зерделеуді жоспарлап отыр

ҚР Әділет министрлігі шетелдік инвестициялық төреліктер мен соттарда ҚР Үкіметінің мүдделерін білдіру бойынша отандық заң компанияларының әлеуетін зерделеуді жоспарлап отыр

2024 жылдың қантар айының екінші жартысында ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен Астана қаласында «Қазпатент» ғимаратында (Мәңгілік ел даңғылы, 57а) ҚР Үкіметінің мүдделерін шетелде білдіру және қорғау мәселелеріне арналған Халықаралық практикалық конференция өтеді.

Конференцияның басты тақырыбы – «Шетелдік инвестициялық төреліктер мен соттарда ҚР Үкіметінің мүдделерін білдіру және қорғау бойынша қазақстандық заң фирмаларының әлеуетін пайдалану мүмкіндігі: қазіргі таңдағы мәселелер мен алдағы міндеттер».

ҚР Үкіметінің қатысуымен дауларды шешу саласындағы қазіргі және болашақ трендтер талқыланатын болады.

Конференцияға спикерлер ретінде құқықтың тиісті салаларындағы жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылар шақырылады.

Cізді қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласыңыз: + 7 7172 55-87-09.