Вице-министр Ботагөз Жақселекова БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесі жанындағы қор төрағасы Азита Берар Авадпен кездесті

Вице-министр Ботагөз Жақселекова БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесі жанындағы қор төрағасы Азита Берар Авадпен кездесті

2023 жылғы 16 қарашада Әділет вице-министрі Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқамасының Ерікті техникалық ынтымақтастық қорының және Әмбебап кезеңдік шолудың ұсынымдарын іске асыру мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі нысаналы қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Азита Берар Авад ханыммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар заң үстемдігі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ кеңселерімен бірлескен жобалар шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар адам құқықтарын және бірлескен жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету шеңберінде қабылданған шаралардың маңыздылығын атап өтті.