Құрметті жұмыс берушілер!

Құрметті жұмыс берушілер!

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес 2023 жылы конкурсты өткізудің басталғаны туралы жарияланады.

Конкурстың басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында компаниялардың қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және арттыру болып табылады.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – өңірлік және республикалық деңгейлерде төрт номинация бойынша өткізіледі.

Абай облысының бақылау басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы) кәсіпорындарын «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинацияларына белсенді қатысуға шақырады. Конкурс туралы толығырақ ақпарат алу үшін Басқармаға 8(7222)380053 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.