Байқау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурсы

Байқау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурсы

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» «Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ бұйрығын орындау үшін Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Бородулиха аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшелеріне конкурстық іріктеу жүргізеді, мекен-жайы (заңды және пошталық мекен-жайы): индекс:070400, Абай облысы, Бородулиха ауылы, Ф.Середина көшесі, 66, телефон: 8 (72351) 21363.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам (бұдан әрі - кандидат) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) Өмірбаян (еркін нысанда);

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.