Абай облысы ДСБ «Семей қаласының №7 емханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшелерін таңдау бойынша конкурс

Абай облысы ДСБ «Семей қаласының №7 емханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшелерін таңдау бойынша конкурс

«Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ Байқау кеңесінің мүшелерін таңдау бойынша конкурс ұйымдастыру және өткізу комиссиясы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №7 емханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесінің мүшелерін таңдау бойынша конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 2 Б үйі, телефон +7/7222/568507

Конкурс өткізу күні және орны: 2024 жылғы 24 мамыр, Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 38а (3 қабат), 307 кабинет, «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ғимараты.

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығына 2 қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестеріне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғары білімнің болуын, сондай-ақ төмендегі талаптардың біреуін қосады:

1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында  басқарушы лауазымда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы.

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде төмендегі тұлға сайланбайды:

1) жойылмаған немесе есептен алынбаған сотталғандығы болса;

2) заңды тұлға банкрот болып танылғаны туралы шешім қабылдануына  дейін бір жылдан астам уақыт осы заңды тұлғаның басшысы болса;

3) бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса;

4) осы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен немесе байқау кеңесінің мүшесімен жақын туыстық қатынаста болса.

 

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 38 а мекенжайына тапсырылу керек.

Құжаттар тапсырылуының басталу күні: конкурс өткізу туралы хабарландыру баспасөзде жарияланған күні.

Конкурс өткізу күні: конкурсқа қатысуға құжаттар тапсыру мерзімі аяқталған күннен кейінгі жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – үміткер) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға төмендегі құжаттарды тапсырады, оның ішінде кәсіпорынның лауазымдық тұлғаларына жақын қатынасы туралы мәліметті:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаяны (еркін түрде);

4) үміткердің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес қызметкердің еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық құрылымдары берген, адамның сотталмағандығын және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағандығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат тапсыруға құқылы (біліктілігін арттыру, ғылыми атақ пен деңгейі, ғылыми басылымдар туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орнындағы басшының ұсынымдары).

Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысу туралы сұраныстың түпнұсқасын конвертке салып, «Түпнұсқа» деп жазады. Бұл конвертте конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болса) және мекенжайы көрсетіледі. Бұл конверт сыртқы конвертке салынып жапсырылады.

Сыртқы және ішкі конверт:

1) тиесілі саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шақыруда немесе басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжайға жолдану керек;

2) «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №7 емханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы. 2024 жылғы 23 мамырға дейін ашылмасын» жазбасы болу керек (шақыруда немесе басылымдағы ақпаратта көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты).

 

Конверттерді ашу күні мен уақыты: 2024 жылғы 25 мамыр, 10 сағ. 00 мин.

 

Қатысушыға қойылатын талаптарға үміткердің сәйкестігін бағалау нәтижесі бойынша сұхбаттасу өткізіледі.